Accessibility links

Британия Ауғанстанға көбірек көмек көрсетпекші


Британия премьер-министрі Гордон Браун 2009-2012 жылдар аралығында Лондон Ауғанстанға шамамен 920 миллион доллар көлемінде көмек көрсетеді деп мәлімдеді. Парламентке жасаған мәлімдемесінде Гордон Браун Британия сондай-ақ Ауған президенті Хамид Қарзайдың зорлық-зомбылықты жоққа шығаратын Талибан мүшелерін саясатқа араластыру жөніндегі әрекеттерін қолдайды деген. Браунның айтуынша, Британия өзінің 7800-ге жуық әскерін Ауғанстанда ұзақ уақыт бойы сақтайтын болады.
XS
SM
MD
LG