Accessibility links

Грузия президенті М.Саакашвили қайта сайланды


Грузиядағы президент сайлауының бастапқы нәтижелеріне қарағанда екінші мерзім үшін сайлауға түскен президент Михаил Саакашвили жеңіске жеткен. Грузия ресмилерінің айтуынша, Саакашвили 52.8 пайыз дауыс жинаған. Ал оның негізгі бәсекелесі Леван Гачечиладзе 27 пайыз дауысқа қол жеткізді, дейді Орталық Сайлау комиссиясы. Ал Еуропа Кеңесінің басшысы Терри Дэвис Грузия басшыларын “демократиялық үдеріске жауапкершілік пен саяси жетілгендік және құрмет” көрсетуге шақырды. Грузияда сенбі күні өткен президент сайлауынан кейін елде шиеленіс пайда болды. Оппозиция жетекшілері сайлау бұрмаланды дейді. Осыған байланысты Терри Дэвис егер оппозиция мұны дәлелдей алатын болса онда олар халықаралық бақылаушыларға шағым түсіруі керек деп мәлімдеді. Ал бақылаушылардың айтуынша, кейбір кемшіліктерге қарамастан жалпы сайлау халықаралық демократиялық стандарттарға сай келген.
XS
SM
MD
LG