Accessibility links

Грузия билігі оппозициялық тұлғаға төңкеріс жасамақшы болды деген айып тақты


Грузия прокурорлары оппозиция саясаткері миллиардер Бадри Патаркацашвилиге мемлекеттік төңкеріс жасап, лаңкесттік шабуыл ұйымдастырмақшы болды деген айып тағып отыр. Қазіргі таңда шетелде тұрып жатқан Патаркацашвили өткен аптада болған президенттік сайлауға үміткер ретінде қатысқан кандидаттың бірі. Ол сайлауда Грузия президенті Михаил Саакашвили жеңіске жетіп, қайта сайланды. Өткен жылдың аяғында Тбилисидегі үкіметке қарсы болған жаппай шерулерге қатысқан Патаркацашвили астыртын төңкеріс әрекеттеріне барды, ресми тұлғаға пара бермекші болды деп те айыпталған еді. Ал Патаркацашвили болса өзін өлтірмекші болды деп билікті айыптаған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG