Accessibility links

Адам хұқтары топтары Ресейде нәсілшілдік жек көру негізіндегі қылмыстардың арта түскенін айтып отыр


Өзінің жылдық есебінде ресейлік САВА адам хұқтары тобы осылай деп мәлімдеген. САВА директорының орынбасары Галина Кочевникованың айтуынша, 2007 жылы Ресейде 67 адам этникалық немесе нәсілшілдік шабуылдардың құрбаны болып, 550-ден астам адам соққыға жығылып, жарақат алған. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 13 процентке артып кеткені көрсеткен. Негізінен Кавказ бен Орталық Азия елдерінің азаматтары, шетелдік студенттер, славян емес ұлттардың өкілдері нысанаға алынған. Кочевникова Ресей соттарында мұндай қылмыстарға қатысты 24 қана істің қаралғанын айтады.
XS
SM
MD
LG