Accessibility links

Ауғанстанның астанасы мен облыс орталығында 2 қастандық жасалды


КАБУЛ: Ауғанстан астанасы Кабулда бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан 1 кісі қаза болып, тағы 4 адам, cоның ішінде 1 әскери қызметкер жараланды, қатар келе жатқан бірнеше автокөлікке зиян тиді. Хабарға қарағанда, бұл террорлық қастандықтың көздегені – армия жауынгерлері отырып келе жатқан автобус көрінеді. Полицияның бастапқы жорамалы бойынша, бомба алыстан іске қосылған. Оны тәліптер өз жауапкершілігіне алды. Бүгін, сонымен қатар, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысының мешітінде жанпидашыл-террорист өзін-өзі жарды. Қаза болғандардың арасында облыс әкімінің орынбасары да бар сияқты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG