Accessibility links

Палестина халқы Газаның Израильмен арадағы шекарасы бойында наразылық шеруін өткізеді


ИЕРУСАЛИМ: Бүгін Палестина жерінде өтетін шерудің барысында Израиль өзінің Газа аймағымен арадағы шекарасын бұзуға деген кез-келген әрекетке бөгет қоятынын ескертті. Оның алдында “Хамас” тобының өкілдері Израильдің Газаны қоршауға алуына наразылық білдіру мақсатымен адамдардың бір-бірімен қол ұстасып бүкіл шекара бойында қатар түзеп тұруын жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Өткен айда “Хамас” тобының жасақтары Газа мен Мысыр арасындағы қабырғаны жарып, 100-деген мың Палестина халқы азық-түлік сатып алу үшін шекараны кесіп өтті.
XS
SM
MD
LG