Accessibility links

Обама мен Клинтон арасындағы сайлау бәсекесі қыза түсті


АҚШ-тың төрт штатындағы алдын-ала дауыс берулердің нәтижесі Хиллари Клинтон үшін президенттік сайлау жолындағы шешуші кезең болары белгілі. Огайо мен Техас штатындағы алдын-ала дауыс берулерде Ақ үй жолындағы күресін жалғастыру үшін Демократиялық партияның өкілі - Клинтонның жеңіске жетуі қажет. Сауалнама қорытындылары соңғы 11 штатта өткен алдын-ала дауыс берулерде үнемі басым түсіп, жеңіспен келе жатқан Барак Обама мен Хиллари Клинтон арасындағы күрестің тым тартысты екендігін көрсеткен. Дүйсенбі күні Обама номинацияға жету Клинтонға қиын болады десе, Клинтон да өзінің президенттік сайлау компаниясының қызып келе жатқандығын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG