Accessibility links

АҚШ пен Ұлыбритания Қытайдан “Тибеттің мәдениетін құрметтеуді” өтінеді


ЛҺАСА: Тибеттің астанасы – Лһасадағы соңғы 20 жылдай уақыттан біргі ең ірі наразылық толқуына шыққан жұрт дүкендер мен автокөліктерді өртеді. Бежиндегі АҚШ елшілігіне Америка азаматтары Лһасада атыс болғанын хабарлаған. Наразылықтан кейін көп адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Тибеттің қуғында жүрген рухани серкесі Далай лама Қытайдан наразылыққа қарсы күш қолданбауды талап етсе, Еуроодақ пен АҚШ және Англия да ресми Бежинді сабыр сақтауға шақырды. Көзі көргендер Тибеттегі Қытайдың үстемдігіне қарсы Будда монахтарының осы аптада бастаған наразылық шеруіне қала тұрғындарының да қосылғанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG