Accessibility links

Мьянмар циклоннан зардап шеккендерге халықаралық ізгілік көмегін қабылдауға мұрсат етті


Тропикалық дауылдан алты күн өткен соң, баспанасыз, электр жарығынсыз және басқа да қажетті жайттарсыз қалған мьянмарлық тұрғындарға БҰҰ-ның қайырымдылық көмегінің алғашқы бөлігі жетті. Алайда Мьянмардың оқшауланған хунта билігі АҚШ-тың ізгілік көмегінен бас тартуда. Ел билігі 3 мамыр күні соғып өткен тропикалық циклон салдарынан 23 мың адам құрбан болса, 42 мыңдай тұрғын хабар-ошарсыз жоғалып кетті деп хабарлаған еді. Ал халықаралық ресмилер болса қаза тапқандар саны 100 мыңнан асады деген деректер айтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG