Accessibility links

Ақ үйдің пікірінше, Мьянма үкіметі апаттан жапа шеккен халыққа көмектеспейді


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Мьянманың әскери хунтасын зор апатқа душар еткен тропикалық циклонның салдарымен жөнді күреспей отыр деп айыптап, әлем қауымдастығы оған наразы болуға тиіс деп мәлімдеді. Си-Би-Эс Радиосына берген сұхбатында Дж.Буш биліктің баяу қимылдауынан қаншама адамның опат болғаны туралы еш мәліметтің жоқтығын айтты. “Наргис” циклонының соғуынан 28 мыңнан астам халық қырылып, ондаған мың адам хабарсыз жоғалды. Қайырымдылық көмегі тиелген бір ғана АҚШ ұшағына Янгонға қонуға рұқсат берілді, басқа елдер мен ұйымдардың көмегі жетіп жатыр. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Мьянма үкіметін халыққа ертерек көмек беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG