Accessibility links

Қазақстан Шанхай Ұйымы елдерінің арасындағы бірлескен әскери жаттығу келісімін мақұлдады


АСТАНА: Сонымен қатар бүгін Парламент Мәжілісі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің арасындағы бірлескен әскери жаттығулар өткізу туралы Келісімді бекіту туралы” заң жобасын мақұлдады. Осы құжаттың мақсаты – Шанхай Ұйымы кеңістігіндегі тыныштық пен қауіпсіздікке және саяси тұрақтылыққа төнген қатерге Ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрліктерінің күш біріктіріп шұғыл да екпінді тойтарыс беру және бірлескен әскери жаттығуларға әзірлену мен өткізудің құқықтық және ұйымдастыру негіздерін белгілеу болып табылады. Бұл Келісімге 2007-нші жылдың 27-нші маусымында Бішкекте қол қойылды.
XS
SM
MD
LG