Accessibility links

Бүкіл әлемді асырау үшін 2030 жылы азық-түлік 50 пайыз артық өндірілуге тиіс


РИМ: БҰҰ-ның шақыруымен дүниежүзі елдерінің басшылары азық-түліктің күрт қымбаттауы мәселесін талдау үшін бүгін Римде 3 күндік конференцияға жиналды. Ауа райының құбылуы, азық-түліктің күрт қымбаттауы және биологиялық отынға деген сұраныстың өсуі – күн тәртібінде тұрған басты тақырыптар. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун өз сөзінде азық-түлікке деген сұранысты қанағаттандыру үшін 2030 жылға қарай азық-түлік өндірісін 50 пайызға арттыру қажеттігін ескертіп, астықтың бағасын түсіру үшін әлем лидерлерін азық-түлік саудасына шектеу қоймауға шақырды. Азық-түлік - соңғы 30 жылдағы ең қымбат бағасына жетіп, талай елде халық толқуы болып өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG