Accessibility links

Алматы әкімдігі жыныстық азшылық өкілдерінің шеруі өтетіні туралы ақпаратты теріске шығарды


Алматы қаласында маусымның 21-күні гомосексуалистер, лесбийлер және бисексуалдық топ өкілдерінің шеруі өтеді деген хабарды қала әкімдігі жоққа шығарып отыр.

«Қолданыстағы заңға сәйкес, кез-келген шеру, жиын өткізуге жергілікті атқарушы билік рұқсат береді. Ал жыныстық азшылық өкілдерінің шеруін өткізу жайында ресми рұқсат сұрап қала әкімдігіне ешкім өтініш жасаған емес. Маусымның 21-күні Алматыда мектеп бітірушілердің білім ұясымен қоштасу кеші өтетінін ескерсек, бұл біреулердің таратқан жалған ақпараты немесе тіпті арандатуы болуы ықтимал», - деді Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Сергей Куянов «Азаттық» тілшісіне.

Бейсенбі күні «Сорос-Қазақстан» қоры ешқандай көңілашар шараларды, соның қатарында әлгіндей шерулерді қаржыландырмайтынын айтып, баспасөз мәлімдемесін жариялады. Маусымның 11-күні Қазақстанның гомосексуалистер, лесбийлер, бисексуалдар мен трансгендерлер қоғамдық ұйымының атынан таратылған ақпаратта, енді он күннен кейін Алматыда осы топ өкілдерінің қатысуымен тұңғыш шеру өтетіні жазылған болатын.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG