Accessibility links

Ядролық бағдарламаға қатысты Иранның ұстанымы өзгермеді


Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты ұстанымын өзгертпеді. Бұл туралы бүгін Теһранда өткізген баспасөз-мәслихатында Иран үкіметінің баспасөз-хатшысы Ғоламхоссейн Елхам хабарлады. Ал оның алдында әлемнің алпауыт елдерінің ядролық мәселе туралы ұсынысына байланысты Иран өз жауабын жазбаша түрде берген болатын. Бельгиядағы Иран елшісі ол құжатты Брюссельде Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавиер Соланаға тапсырды. Иран жауабының мазмұны жарияланбады.
XS
SM
MD
LG