Accessibility links

356 адам «Болашақ» стипендиясына ие болды


Шетелде кадр дайындау жөніндегі республикалық комиссияның бүгін Астанада өткен отырысында, келіп түскен 392 өтініш қаралып, 356 үміткерге Қазақстан президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тапсыру туралы шешім қабылданды. Комиссия жұмысына төрағалық еткен мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың айтуынша, стипендианттардың көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Ресей, Қытай және Чехия секілді елдердің жоғары оқу орындарында білім алмақ.

Олар экономика, информатика және ақпараттық жүйелер, мемлекеттік саясат, қаржы, демография, бухгалтерлік есеп және аудит, мұнайгаз инжинирингі, халықаралық құқық пен медициналық мамандықтар бойынша таңдау жасапты.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындайтын конкурсқа құжаттар қабылдау тамыздың 29-ына дейін жалғасады. 1994-2007 жылдар аралығында Қазақстанның «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1036 адам әлемнің 27 елінде білім алды.
XS
SM
MD
LG