Accessibility links

Қазақ пен қырғыз президенттері Ыстықкөлде кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыздың 13 күні кешке Шолпанатада Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиевпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі. Грузиядағы жағдайды талқылаған екі президент, Кавказдағы қарулы жанжалдардың тоқтатылғанын құптап, гуманитарлық проблеманы шешу қажеттігін атап көрсеткен.
Кавказдағы қарулы жанжал кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып, Қырғыз әріптесі екеуінің атынан көңіл айтқан Қазақстан президенті Н.Назарбаев, күрделі ұлтаралық проблемаларды бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы ғана шешу қажеттігін айтып, Ресей мен Грузия арасында басталған келіссөздер болашақта әлгіндей қантөгістерге жол бермейді деген үміт білдірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG