Accessibility links

«Ине» фильмінің режиссері туындыны жаңалап қайта шығармақ


Қазақстандық кинорежиссер Рашид Нұғыманов өзінің әйгілі «Ине» фильмін жаңа форматта қайта шығармақ жоспарымен бөлісті «Литер» газетіне берген сұхбатында. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңында Кеңестер Одағында қазақтың жас режиссерлары түсірген фильмдер жұртшылықтың назарын аударып, «жаңа толқын» деген атауға ие болған еді. Солардың арасында Р.Нұғыманов түсірген «Ине» фильмі Кеңестер Одағы бойынша қысқа мерзімде жұртшылықтың ең көп көрген фильмі ретінде өзіндік рекорд жасады. Фильмдегі басты рольде сол кездегі танымал рок-әнші Виктор Цой ойнаған болатын.
XS
SM
MD
LG