Accessibility links

Қазақстан Мемлекеттік хатшысы АҚШ елшісін қабылдады


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Ордвейді қабылдады, деп хабарланды сәрсенбі күні Қазақстан президентінің ресми сайтында. Мемлекеттік хатшы қазақстан-американ стратегиялық әріптестігін нығайту мен дамытуға қосқан үлесі үшін Джон Ордвейге алғыс айтты.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі ретінде төрт жыл қызмет атқарған Дж.Ордвей: «Соңғы жылдары халықтың, Президенттің күш-жігерінің арқасында, және де біздің әріптестігіміздің нәтижесінде Қазақстанда айтарлықтай өзгерістер жүзеге асырылды. Біздің екі ел әрдайым әріптес болып келді, әрқашан да жоғарғы деңгейдегі, елшілер мен халық арасындағы жақсы үнқатысу үлгісін ұстанып келеді», деді.
XS
SM
MD
LG