Accessibility links

Душанбеде Шанхай ұйымының кезекті саммиті өтеді


Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының кезекті саммитінің қарсаңында Тәжікстан үкіметі көрші елдермен шекарасын жапты. Ол туралы “Азия-Плюс” ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттікке Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайтын Шекара әскерлері Бас басқармасынан хабарланғандай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Қытаймен арадағы шекара Шанхай Ұйымы саммитінің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін жабылды. Мұндай шаралар ел ішінде де қабылданды.
28 тамызда өтетін саммитке ұйымға мүше Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан президенттері қатысады.
Душанбеге, сондай-ақ, Иран, Моңғолия, Ауғанстан президенттері және Үндістан мен Пәкістаннан мәртебелі делегациялары да барады.
XS
SM
MD
LG