Accessibility links

Пәкістан билігіндегі коалиция ыдырады


Пәкістан үкіметіндегі коалицияның ыдырауы Вашингтон мен Исламабадтың терроризмге қарсы күресіндегі өзара ынтымақтастығының жалғасуына бөгет болмайды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Роберт Вуд ресми Ақ үй осылай деп есептейді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Пәкістан саяси күштерінің арасындағы қазіргі қарама-қайшылық осы елдің ішкі ісі.
Кеше Пәкістанның экс-премьер-министрі Наваз Шариф мәлімдегендей, бұрынғы президент Первез Мушаррафтың Жарлығымен босатылған судьяларды қызметке қайта алу мәселесінен туған қайшылықтың салдарынан Мұсылман лигасы билік басындағы коалициядан шығады.
XS
SM
MD
LG