Accessibility links

Ақорда Мәскеу -Тбилиси келіссөзіне қатысуға дайын


Қажет болса Қазақстан Оңтүстік Осетияның төңірегіндегі келіссөзге қатысуға дайын. Бүгін Германия президенті Хорст Келлермен кездескеннен кейін өткізген баспасөз-маслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.
"Бұл мәселе Ресей мен Грузияның келіссөзінде, одан қалса Абхазия мен Оңтүстік Осетияның немесе Ресей мен Еуропа арасындағы келіссөзде ғана шешілмейді, менің оған көзім жетеді. Оған көпжақты ұйымдарды жұмылдыру керек. Оған, бәлкім, Еуропа Одағы мен АҚШ-ты да, Ресей мен Грузияны да қатыстыру керек”, -деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
"Ал егер, - деп мәлімдеді президент, -келіссөзге қатысушыларға қолайлы ел ретінде Қазақстанның қатысуы қажет болса, біз дайынбыз”.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG