Accessibility links

Пәкістан президенті болып Зардари сайланды


Азиф Әли Зардари, Пәкістан, 15 қаңтар, 2008 жыл
Азиф Әли Зардари, Пәкістан, 15 қаңтар, 2008 жыл

Бүгін Пәкістан заң шығарушылары тамыз айында коалициялық үкімет импичмент жарияламақшы болғаннан кейін, өз еркімен отставкға кеткен Первез Мүшаррафтың орнына елдің жаңа президентін сайлау үшін дауыс берді.

Дауыс берулер елдің қос палаталы парламенті мен провинциялық төрт ассамблея алқасында өтті.
Пәкістан халық партиясының жетекшісі, қастандық құрбаны болған бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның күйеуі – Азиф Әли Зардари президенттік сайлауда жеңіп шығудан үмітті болған еді.
Ең соңғы келіп түсіп жатқан ресми еме хабарларға қарағанда оның бұл үміті ақталды.

Жалпы Зардари саяси даулы тұрлға.
Ол 2007 жылы желтоқсан айында жұбайы, Пәкістан халық партиясының жетекшісі Беназир Бхуотто қаза тапқаннан кейін, оның партиясын басқаруды өз қолына алып, осы жолға президент сайлауында басты екі бәсекелісінен басым түсуді алдына мақсат етіп қойған болатын.

Исламабадтағы сауда одағына жетекшілік етуші Сарфраз Могул президенттік сайлау жөніндегі пікірін білмекші болған біздің тілшімзге пәкістандықтарды қазір сайлаудан гөрі бағаның өсуі мен түрлі қақтығыстардың жалғасуы алаңдатады деп жауап берген екен.

-Кімнің президент болатыны бізге бәрібір. Біздің бәріміз де кім болса да Құдай үшін елдегі жағдайды жақсартса екен деп тілейміз. Мұндағы адамдар өте кедей, жоқшылықта өмір сүруде. Қандай президент болса да ол халықтың мәселесіне, оларды алаңдататын жайттарға көңіл бөлгені керек,- дейді ол.

Саяси талдаушы Захид Хуссейін Пәкістан қарама-қайшылық саясатына қайта бет бұрды, дәл қазір бұл елде ислам бүлікшілерінің шабуылдары белең алып, экономикалық дағдарыс тереңдеді деген көзқарас-пікірде.
Жалпы Азиф Әли Зардари батысшыл саясаткер және ол Вашингтонның террорға қарсы соғысына қолдау танытатын тұлға.


XS
SM
MD
LG