Accessibility links

Ертіс химия-металлургия зауыты тығырыққа тірелді


Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі аймақтағы үлкен өндіріс орындарының бірі - Ертіс химия-металлургия зауыты акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы тым мүшкіл екенін хабарлап отыр. Зауыт қыркүйектің 16-сынан бастап өз жұмысын тоқтатуы мүмкін.

Зауытта жұмыс істеп келген Первомайский кентіндегі 219 адам биылғы наурыз айынан бері еңбекақы алмаған. Енді олардың жұмыссыз қалатын түрі бар деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG