Accessibility links

Мұхтар Жәкішев: Біздегі өнім уран бағасына кері әсер етпеуін бақылауда ұстаймыз


«Қазатомпром» ұлттық компаниясы өз иелігіндегі кәсіпорындарда шығарылған өнімдердің әлемдік базардағы уран бағасының айтарлықтай өзгеруіне әсер етпеуін қадағалап отырмақ. «Баға түсіп кетпеуі үшін біз нарыққа керекті мөлшерден артық уран өндірмеуді назарда ұстайтын боламыз», - деп мәлімдеді бейсенбі күні «Қазатомпром» президенті Мұхтар Жәкішев.

Әлемдік базардағы уран бағасының 60 долларға дейін төмендеуі «Қазатомпром» үшін бәлендей қорқынышты еместігін айтқан Жәкішев 2016 жылға қарай табиғи уранның тапшылығы сезіле бастайды деген болжам жасады.

«Сол кезде «Қазатомпромның» әлем бойынша уран тапшылығына төтеп беруге дайын алдыңғы қатарлы компания болуын мақсат тұтып отырмыз», - деді М.Жәкішев.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG