Accessibility links

“Үлкен жетілік” төтенше мәжіліс өткізеді


Ғаламдық қаржы дағдарысы тереңдей түсе ме деген алаңдаушылықтан Еуропа мен Азияның қор биржаларындағы бағалар тағы да құлдырады. Жапонияда бағалар 10 пайызға жуық арзандаса, Еуропаның негізгі қор биржаларындағы бағалар 5 пайызға дейін төмендеді.
Оның алдында ғана Америкадағы Доу-Джонс индексі 2003 жылдың тамызынан бері алғаш рет 9 мыңдық көрсеткішінен де төмендеген болатын.

Осы дағдарысты ауыздықтаудың жолдарын қарастыру үшін “Үлкен жетілік” елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банктерінің төрағалары төтенше мәжіліс өткізеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG