Accessibility links

ЕҚЫҰ өзбек билігін журналистті босатуға шақырды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Өзбекстанды қамаудағы тәуелсіз журналистті босатуға шақырды. Солижон Абдурахманов есірткімен айналысты деген айыптар бойынша өткен аптада 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Аталмыш ұйымның баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Миклош Харашти өзбек билігін жасанды айыптарды қолданып, журналистті түрмеге жапты деп айыптады. Үкіметтің өткір сыншысы Абдурахманов интернеттегі тәуелсіз өзбек ақпарат парақшасында және Азаттық радиосында жұмыс істеген.
XS
SM
MD
LG