Accessibility links

Пәкістандағы медресеге шабуыл жасалды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы бүлікшілерге қатысты діни мектепке әуеден соққы беріліп, кемінде 7 адам опат болды. Ауғанстанның жанында болған бұл шабуылды АҚШ әскерилері жүзеге асырды деген күдік айтылып отыр. Әлгі медресені бұрынғы Талибан қолбасшысы Жалалуддин Хаққанидің одақтас имамы басқаратын көрінеді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қыркүйек айында дәл осы ауылға жасалған зымыран шабуылынан 23 адам қаза тапқан, олардың көбі Хаққанидің туыстары болып шыққан

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG