Accessibility links

Баррозу: әлемдік дағдарыспен бірлесіп күресу керек


Еуропа Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу әлем экономикасының дағдарысынан жапа шеккен елдер халықаралық қаржы жүйесі үшін жаңа ереже қалыптастыру үшін өзара ынтымақтасу керек деп мәлімдеді. Еуропа Одағы мен Азияның 43 елі жетекшілерінің Бейжіңде басталған саммитінде бүгін сөйлеген сөзінде Баррозу дағдарыстың теріс ықпалына ұшыраған елдердің одан қорғану үшін есік-терезесін жауып отыруына болмайтынын атап көрсетті. Ол әлем экономикасын дағдарыстан шығару үшін күш біріктіру қажеттігін тағы да қайталап айтты.

Ал осы кезде Азия мен Еуропаның қор биржаларындағы баға индекстері тағы да құлдырады. Ұлыбританияның экономикасы соңғы 16 жылда алғаш рет тұралап қалса, Еуропаның қор биржаларында индекстер 10 пайызға дерлік арзандады.
XS
SM
MD
LG