Accessibility links

Обама Х.Клинтонды мемлекеттік хатшы етуі мүмкін


Американдық басылымдар жаңа сайланған президент Барак Обама өз әкімшілігіне Хиллари Клинтонды мемлекеттік хатшы ету жағын қарастырып жатыр деп жазуда. Ол ақпарат ресми түрде нақтыланған жоқ. Бірақ Обама мен Клинтонның бейсенбі күні Чикагода кездескені жайлы хабарды олардың өкілдері жоққа шығармайды. Хиллари Клинтон Обаманың Демократиялық партия атынан президенттікке бірге түскен қарсыласы болды. Кейін 4-ші қарашадағы сайлауға дейін Клинтон Обамаға қатты қолдауын танытты. Обама қаңтардың 20-да АҚШ президенті ретінде ант қабылдап, қызметіне кіріседі.
XS
SM
MD
LG