Accessibility links

АҚШ-тың келесі сауда министрі тағайындалмақ


Жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обама Нью-Мексико губернаторы Билл Ричардсонды сауда министрі етіп тағайындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Демократтар партиясының ресмилері хабарлады. Ричардсонды тағайындау жөніндегі ақпарат сәрсенбі күні Чикагода баспасөз маслихатында жарияланбақшы. Ричардсон бұрынғы президент Билл Клинтонның әкімшілігі кезінде энергетика министрі және БҰҰ-дағы АҚШ елшісі болған.
XS
SM
MD
LG