Accessibility links

Грециядағы толқулардан 50-ден аса адам жараланған


Жүздеген үйлер мен көліктерді зақымдаған бұл оқиға, бей-берекеттіктер одан әрі жалғасуда. Греция ресмилері полиция оғынан қаза болған 15 жасар баланың жерлеу рәсімінен кейін толқулар одан әрі күшеюі мүмкін деп отыр. Толқулар Афинада үшінші күн жалғасуда. Ашулы жастар тобы дүкендер мен банктер, қонақ үйлерге шабуыл жасауда. Олар орталықтағы зәулім шыршаға өрт салды. Елдің тағы 9 қаласында осындай бей-берекеттіктер орын алуда. Үкімет басшысы Костас Караманлис бүгін елдегі саяси партиялар басшыларын осы күш қолдануға қарсы бірігуге шақырды. Ел үкіметі оқиғаны қалай ауыздықтау керектігін дүйсенбіде ақылдасты.
XS
SM
MD
LG