Accessibility links

Бельгия Әл-Қаидаға қатысы бар деп күдіктелгендерді тұтқындады


Бельгия билік орындары лаңкестік Әл-Қаида ұйымына қатысы бар деп күдіктелген 14 адамды тұтқындады. Қамауға алынғандардың кемінде біреуі жанкештілік шабуылды жүзеге асыруды жоспарлаған көрінеді. Прокурор Джохан Делмюлдің айтуынша, полиция ол жанкештілік шабуылдың қай жерде жүзеге асырылмақшы болғанын білмейді. Бейсенбі күні Брюсселде Еуропа Одағы жетекшілерінің екікүндік саммиті басталды.
XS
SM
MD
LG