Accessibility links

Қытай кемелері Африка жағалауын бетке алды


Қытайдың қарақшыларға қарсы күрес кеме жасағы бүгін жолға шықты. Бұл-Қытай теңіз суларынан шетке шыққан ресми Бейжіңнің алғашқы кемелері. Оның құрамында екі минатасығыш және жабдықтаушы кеме бар. Оның міндеті-Аден шығанағындағы қарақшылардан сауда кемелерін қорғау. Қытайлық бұл жасақ сол шығанақта тұрған халықаралық бақылау соғыс кемелері қатарына барып қосылатын болады.

XS
SM
MD
LG