Accessibility links

БҰҰ Израилдің Газа аймағындағы әуе шабуылдарына алаңдаулы


БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Израилдің Газа аймағындағы әуе шабуылдарына байланысты бүгін кезектен тыс сессиясын өткізді. Ол шабуылдар кесірінен 200-ден аса палестиналықтар қаза болып, бірнеше жүздегені жараланған. Қауіпсіздік кеңесі өз мәлімдемесінде Израилді әскери әрекеттерін, ал палестиналықтарды зымыран атуларын тоқтатуға шақырды. Екінші күн жалғасып жатқан бұл шабуылдар барысында Израиль әскери ұшақтары Газа қаласындағы бір мешітті және Хамас тобының әл-Ақса телебекетін қиратқан. Израиль бұл әрекеттері себебін палестиналықтардың зымыран атуымен байланыстыруда.
XS
SM
MD
LG