Accessibility links

ЕуроОдақ Мәскеу мен Киев арасындағы газ дауына алаңдайды


Газ саудасы бойынша орыс-украин келіссөзі сейсенбі күні жалғасады.
Дүйсенбі күні Ресей премьер-министрі Владимир Путин хабарлағандай, украин президенті Виктор Ющенкомен телефон әңгімесінің барысында орыс газы үшін Украинаның берешегін өтеу туралы уәжге келе алмады.
Ресейлік ГазПром компаниясының есебі бойынша, Украинаның берешегі 2 млрд. доллардан асады. ГазПром басшылығы мәлімдегендей, алдағы Украина үшін орыс газының 1 мың текше метрінің бағасы 418 долларды құрауы мүмкін, яғни 2 еседен де артық қымбаттауы ықтимал.
ЕуроОдақ осы жағдайға алаңдап, Мәскеу мен Киевті ертерек уәжге келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG