Accessibility links

Ауғанстанда Канада сарбазы қаза тапты


Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жарылыстан Канаданың бір сарбазы қаза тауып, үшеуі жарақат алды. Ресмилердің айтуынша, бомба сәрсенбі күні Қандағар қаласына жақын жерде сарбаздардың көлігі жанында жарылған.

Сонымен 2002 жылдан бері Ауғанстанда қаза болған канадалық жауынгерлердің саны 107-ге жетіп отыр. Бұл елде Канаданың шамамен 2,700 сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG