Accessibility links

Жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы сотталды


Ақтөбеде облыстық жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бұрынғы бастығы сотталды, — деп мәлім етті экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.
Аталған департамент бастығының орынбасары Серік Берденовтің айтуынша, басқарма бастығы жеке кәсіпкерден параға алған ақшасының 50 мың теңгесін қайтару кезінде өз кеңсесінде ұсталған. Бұл ақшаны кәсіпкер оған Ақтөбе - Хлебодаровка бағыты бойынша жолаушылар тасымалы тендерін жеңіп алу үшін берген. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін іс сотқа беріліп, нәтижесінде басқарма бастығы сотталды.

XS
SM
MD
LG