Accessibility links

ЕуроОдақ грузин полиция қызметкерінің өлімін айыптады


Еуропа Одағының бақылаушылары мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Грузияның жікшілдік аймағы жанында грузин полиция қызметкерінің өлтірілгенін айыптады. Грузиядағы ЕуроОдақтың бақылаушы миссиясының айтуынша, Оңтүстік Осетияға жақын жерде мергенмен атып өлтірілген әлгі полиция қызметкеріне қатысты оқиғаны мүлдем қабылдауға келмейді. Бұл тамыз айындағы соғысты тоқтату жөніндегі бітім келісімінің бұзылуын білдіреді және аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіреді, дейді ЕуроОдақ бақылаушылары.

Өткен жылдың тамыз айында Оңтүстік Осетияға байланысты Ресей мен Грузия арасында қақтығыс орын алған еді.
XS
SM
MD
LG