Accessibility links

Құқық қорғаушы Пульман дүйсенбіде жерленеді


Сенбі күні Алматыда қайтыс болған құқық қорғаушы Мария Пульман қаңтардың 19-да жерленбек. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Қазақстандағы Адам құқықтары бойынша халықаралық бюроның жетекшісі Евгений Жовтис хабарлады.

-Мария Пульман елде орын алып жатқан заңбұзушылықтарды жүрегіне ауыр алатын. Алтынбек Сарсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділов сынды танымал саясаткерлердің, сондай-ақ, Асхат Шәріпжан мен Батырхан Дәрімбет сияқты журналистердің өлімі Пульманды қатты қынжылтатын,- дейді Жовтис.

Оның әріптестерінің айтуынша, Мария Пульман Қазақстанның либерализация мен демократия бағытында алға басуын және елде заңдар мен адам құқықтарының сақталуын қалаған еді.
XS
SM
MD
LG