Accessibility links

Қазақстанға Чехия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары келеді


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың мәліметінше, бүгін, 20-қаңтарда Қазақстанға Чехия Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Томаш Пойар ресми сапармен келеді.
Сапар барысында Т.Пойар Қазақстан Республикасының ресми өкілдерімен кездесіп, Қазақстан мен Чехия басшылығы арасындағы келіссөздердің күн тәртібі, әлемдегі соңғы оқиғалар мен өзгерістерге сәйкес Еуропалық Одақтақтағы Чех төрағалығының басымдықтары және энергетика мәселелері туралы пікір алыспақ.

XS
SM
MD
LG