Accessibility links

Ирандықтар Иран халықтық моджахедтері тобының лаңкестік ұйымдар тізімінен алынбауын қалайды


Бірнеше жүздеген ирандықтар шетте қуғында жүрген Иран халықтық моджахедтері атты топтың лаңкестік ұйымдар тізімінен алынып тасталуы мүмкін екендігіне наразылық білдіруде. Олар бүгін Франция елшілігі алдына жиналып, пікірлерін білдірді. ЕуроОдақ ол ұйымды аталған тізімнен дүйсенбіде алып тастамақшы. Люксембургте орналасқан сот өткен айдағы өз шешімінде ұйымды лаңкестер тізіміне енгізуге негіздің болмағанына қарамастан, ЕуроОдақтың ол шешімді қабылдауы заңсыз болған, деп шешкен еді.
XS
SM
MD
LG