Accessibility links

Ресей Сочи-2014 ойындарына дер кезінде әзір болады


Халықаралық олимпиада комитетінің 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық комиссиясының төрағасы Жан-Клод Кили Ресей Сочи ойындарына дер кезінде әзір болады деп есептейді.
Ол Ресей премьер-министрі Владимир Путинмен кездесті. В.Путиннің мәлімдеуінше, Олимпиадаға әзірлену үшін бөлінген қаржыны қысқартуға экономикалық дағдарыс түрткі бола алмайды, өйткені ол қаржы бюджетте қарастырылған. Оған қоса, -деп мәлімеді Ресей премьері, - бірде-бір инвестор Олимпиада жобасына қатысудан бас тартқан жоқ.
2014 жылғы Сочи олимпиадасына қазір 2 млрд. долларға жуық қаржы бөлінген. Олимпиада қалашығының жобасына қатысуға 48 өтініш түскен, оның ¼-і – шетелдік компаниялар. Тендердің қорытындысы 17 ақпанда жариялануға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG