Accessibility links

Бішкек: АҚШ әуебазасына қатысты шешім жасалып қойды


Қырғызстан өзінің көрші Ауғанстандағы НАТО операцияларына жүк жеткізіп отырған АҚШ әуебазасын жабу туралы шешімі ақырғы екенін айтып отыр. Қырғыз үкіметінің өкілі Айбек Сұлтанғазиевтің айтуынша, шешім жасалып қойған. Бұл мәлімдеме Құрама Штаттар Манастағы американдық әуе базаны әлі де пайдалану туралы Бішкекпен келіссөздер жүріп жатыр дегенінен кейін айтылып отыр. Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев Ресейден 2 млд доллар алған соң, АҚШ базасын осы аптада жабу жөнінде бұйрық берген. Оны ел парламенті әлі мақұлдауы тиіс. Бұл арада АҚШ ресмилері Ауғанстанғдағы НАТО мен Құрама Штаттар күштеріне қажетті әскери емес заттарды тасымалдауға жол ашуға Тәжікстан дайын деп айтуда.
XS
SM
MD
LG