Accessibility links

Израиль парламентін кім басқаратыны жақында белгілі болады


Израилде парламент сайлауындағы дауыстардың қорытынды есебі шығарылды. Израиль сыртқы істер министрі Ципи Ливни басқаратын «Кадима» центристік партиясы бірінші орын алып, Кнессеттегі 120 орынның 28-ін иеленді.

Ал экс-премьер Биньямин Нетаньяхудың басқаруындағы «Ликуд» құқықтық партиясы сәл аз дауыс жинап, 27 орынға ие болды. Кнессеттің 15 орыны Авигдор Либерманның жетекшілігіндегі «Исраэль Бейтену» («Наш дом – Израиль») құқықтық радикалды партиясына бұйырды. Бұлармен бірге парламентке солшыл центристік Еңбек партиясы (13 орын) мен «Шас» діни партиясы (11 орын) және бірқатар саяси күштер кіретін болды.

Таяу күндерде Израиль президенті Шимон Перес жаңа басқарушы коалицияны кімге тапсыруды шешуі тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG