Accessibility links

АҚШ-та экономикалық дағдарыс толастар емес


АҚШ президенті Барак Обама Америка экономикасын жандандыруға 787 млрд. доллар бөлу заңын қол қойып бекітті. Өткен аптада АҚШ Конгресі мақұлдаған заңда салық мөлшерін азайту, елдегі инфрақұрылымдарды жетілдіруге бюджеттен инвестиция бөлу арқылы 3.5 млн. жаңа жұмыс орнын ашу көзделеді.
Соған қарамастан Америкадағы негізгі көрсеткіштер тағы да құлдырады. Өнеркәсіптің доу-джонс индексі 3.8 пайызға құлдыраса, алып General Motors концерні үкіметтің 30 млрд. доллар қаржылай көмегіне мұқтаж екенін және бүкіл әлемдегі еншілес компанияларындағы 47 мың жұмыс орнынан қысқартатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG