Accessibility links

Қазақстанның қос партиясы дағдарысқа президентті кінәлі санайды


Бүгін Қазақстанның Коммунистік партиясы мен «Алға» оппозициялық партиясы елдегі дағдарысқа президент Нұрсұлтан Назарбаевты кінәлаған мәлімдемелерін БАҚ арқылы Қазақстан жұртшылығына таратты. Бұл партиялар Нұрсұлтан Назарбаев «мемлекеттің басшысы ретінде өзі мақтаған экономикалық, әлеуметтік және ішкі саясаттың күйзеліске ұшырауындағы өз кінәсін мойнына алуы керек» деген мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен жағдайының нашарлауын әлемдік қаржы дағдарысына сүйеп қою Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті және басқарушы партияның жетекшісі ретінде саяси жауапкершіліктен жалтару тәсілі болып табылатыны» айтылған.

Сонымен бірге мәлімдемеде Нұрсұлтан Назарбаев бір партияның атынан сөз сөйлеп, халықты бірлікке шақыруы арқылы халықты біріктірмей, керісінше, бөліп тұрғаны да сөз болып: «президент халықты өз партиясының атынан сөйлеп, бөлмей біріктіруі керек», — делінген.

Екі партияның мәлімдемесі қазақстандықтарға «кездесіп отырған қиыншылық режимімен биліктің қолдауына емес, өз күштеріне сеніп күресуді» ұсынады. Сондай-ақ бұл партиялардың пікірінше, «дағдарыс деген сәтсіздіктерді сүрлеп, жауапкершіліктен жалтарып отыру емес, мәселені шешу жолдарын іздеуге уақыт табу».
XS
SM
MD
LG