Accessibility links

Жаңа жобаның аты - "Шаңырақ -біздің үйіміз"


Бүгін «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Ар, Рух, Хақ» қоғамдық қоры және Орталық Азиялық даму институты баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын өткізушілер 2009 жылдан бастап өзара бірігіп, «Шаңырақ – біздің ортақ үйіміз!» атты жобаны жүзеге асырмақ.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жоба барысында ауылдық жерлерден қалаға жыл сайын көшіп келіп жатқан ішкі мигранттар мәселесі қолға алынбақ. Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын ауылдан қалаға 300 мың адам келеді екен.

«Ауылдан келген әрбір азаматты уақытша баспанамен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыру, сонымен қатар тегін медициналық көмек көрсету сынды қажетті жағдайлар жасалмаса алдағы уақытта «Шаңырақ оқиғасының» қайталануы әбден мүмкін. Сондықтан ішкі мигранттар мәселесін ушықтармай, бүгінен бастап қолға алған абзал», — деді «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG