Accessibility links

Нұрбанкке жаңа басшы келді


Дүйсенбі, 2 наурыздан бастап Марат Заиров «Нұрбанктің» басқарма төрағасы қызметіне кіріседі, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Жаңа басшы банк ұжымы мен оның акционері Нұрали Әлиевке таныстырылды. Қазір 40 жастағы М. Заировтың кандидатурасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды бақылау агенттігімен келісілу үстінде.

Халық банкінің баспасөз қызметі аталған мекемеде басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген М. Заировтың ұжымдастарымен қоштасып кеткені, оның орнына әлі ешкім тағайындалмағанын хабарлайды.

1998 жылдың шілдесінен бастап «Банк Тұран Әлем» басқарма төрағасының орынбасары болған Марат Заиров 2000 жылдың тамыз айынан бері Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселесін бақылаған.
XS
SM
MD
LG