Accessibility links

«Алма-Ата Инфо» газетінің соты болады


Бүгін Алматы қаласындағы Медеу аудандық сотында «Алма-Ата Инфо» газеті мен басылымның штаттан тыс тілшісі Асхат Бименбетовке қатысты шағым қаралады.

Редакция мен журналистке қатысты шағым беруші кәсіпкер Алефиренко. Ол газеттегі 2008 жылдың 5 қыркүйегінде шыққан «Финполиция помогает делать деньги из воздуха» атты мақалаға терістеу беру мен 100 миллион (667 мың долларға жуық) теңге моральдық шығын талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG