Accessibility links

Клинтон Палестина басшыларымен кездесті


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Палестина басшысы Махмуд Аббаспен және үкімет басшысы Салам Файйадпен Батыс жағалауда кездесті. Мұның өзі-Клинтонның АҚШ-тың бас дипломаты болғалы бергі палестиналық басшылармен сөйлесу үшін мұнда жасап отырған алғашқы сапары.

Палестина басшылары Израилдің Батыс жағалауда тұрғын үйлер салуын тоқтатуын және Газа шекарасын ашуын Тель-Авивтен Клинтон ханымның талап етуін кездесу барысында сұрады. Хиллари Клинтон Құрама Штаттардың Израилмен қатарлас Палестина мемлекетінің құрылғанын қалайтынын қайталады.

Клинтон сейсенбіде Иерусалимде болған кезінде АҚШ-тың Израилді алдағы уақытта да қолдай беретінін де ескертіп өткен болатын.

Палестина басшысы Махмуд Аббас көмекшісінің осы кездесу қарсаңында айтуынша, Израилдің жаңа үкіметі бұдан бұрын қабылданған келісімшарттар мен қос мемлекеттік туралы шешімді қабылдамайынша, Тель-Авивпен арада сөйлесулердің қайта жаңғырмайтынын Аббас мырза Клинтон ханымға хабарлайды деп күтілген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG